Түркияның алдын ешкім тоса алмайды

Ердоған «Террорды жеңетінімізге кәміл сенеміз» деді.

450823
Түркияның алдын ешкім тоса алмайды

Президент Режеп Тайып Ердоған шетелде және ел ішінде Түркияны шығынға душар қылдық деп санағандардың әслінде өздерінің зиян шегетіндерін айтты.

Ердоған «Түркияның алдын ешкім тоса алмайды. Террорды жеңетінімізге кәміл сенеміз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған 14 наурыз медицина мерекесі кездесуінде астана Анкарада жексенбі күні болған опасыз шабуылды түсіндірді.

Анкараның Кызылай орталығының жай бір жер емес екенін, сондай-ақ символдық бір орталық болғанын білдірген Ердоған лаңкестіктің белгілі нысанасының байқалғанын баяндады.

Ердоған «Кызылайдағы лаңкестік террор ұйымының шын бейнесін айқын түрде паш етті» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар