Бас Штаб Басқармасы шетелдік сарбаздарды анықтады

Бас Штаб Басқөармасы жариялаған фотосуреттер арқылы ПКК қатарында шетел әскерлерінің бар екені дәлелденеді.

448921
Бас Штаб Басқармасы шетелдік сарбаздарды анықтады

Бас Штаб Басқармасы террор ұйымы құрамында шетелдік сарбаздардың да бар екенін дәлелдеген жаңа бейне таспалар жариялады.

Жарияланған фотосуреттердің бірінде Шырнактың Идил ауданындағы бір ғимараттың астынғы қабатында жасырынған және «беріл» шақыруына жауап бермегені себепті өлтірілген 6 террористтен бірінің мойнында крес бар екені байқалады.

Бас Штаб Басқармасы бұл кадрларды «білінген жарнама» сілтемесімен жариялады.

ПКК террор ұйымына қолдау үшін шетелден террористтер келгенін, бұл кадрлармен тағы бір рет дәлелдеді.

Бөліскен тағы бір ақпаратта ПЙД/ЙПГ және ПКК бауырластығы дәлелденеді.

Сириядан Түркияға заңсыз жолмен өтуге әрекет жасаған кезде Килис ауданында ұсталған бір күдіктінің үстінен бөлшектеуші террор ұйымының тармағы ЙПГ-нің куәлігі табылды.

Террористтің Нусайбинге баруға дайындалғаны анықталды.

Түрік қарулы күштері бұл кадрды болса «Осыған таңғалмаймыз әрине» деп бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар