Президент Ердоған Ресейді сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Анкарада Украина президенті Петр Порошенконы күтті.

447880
Президент Ердоған Ресейді сынға алды

Президенттік сарайда екі басшы оңаша кездесіп артынан Түркия-Украина Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес жиналысы болып өтті.
Кейін болса Анадолы агенттігі (AA) Атқару кеңесі төрағасы және бас директоры Шенол Казанджы мен Украинаның Анкара өкілетті және төтенше елшісі Сергей Корсунский Анадолы агенттігі және Украина хабар агенттігі (UKRINFORM) арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Басқа жағынан Ұлттық қауіпсіздік кеңесі бас хатшылығы және Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі арасында келіссөз хаттамасы және Түркия-Украина Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің қорытынды хаттамасына да қол қойылды.
Артынан екі басшы баспасөзге мәлімдеме жасады.
Ердоған «Түркия Қырымның заңсыз аннекциясын танымады және бұдан кейін де танымайды» деді.
Президент Ердоған мәлімдемесінде «'Сирия әкімшілігі бізді шақырғаны себепті Сирияға келдік' деген Ресей Украинаны басып алған кезде өздерін кім шақырды? Неліктен Украинаға кірді? Мұны халықаралық заңдарда қай орынға қоймақ? Ресейдікі 'Мықтымын, онда құқым бар' түсінігі. Осында олардың хақы жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар