Вице-премьер Акдоған террор оқиғаларын бағалады

Вице-премьер Ялчын Акдоған партиясының Измир филиалында мәлімдеме жасады.

447360
Вице-премьер Акдоған террор оқиғаларын бағалады

Вице-премьер Ялчын Акдоған террор ұйымы мүшелерінің қалаларда террор жасағысы келгенін, дегенмен халықтың оларды қолдамағанын атап айтты.

Акдоған Әділет және даму партиясы Измир қалалық филиалында айтқан сөзінде террормен күресті соңына дейін тұрақтылықпен жалғастыратындарын атап, «Халық ойналған ойынды байқады. Бұлар аймақ халқына қауіп төндіреді. Осы себептен бүгін ешкімді шеруге шығара алмады. Өйткені мемлекет азаматтарын құшақтап отыр. Барлық осы қалалар жақсарады, қайта салынады. Баршамыз бірге өркендейміз» деді.

Акдоған Сириядағы оқиғаларға назар аударып, қақтығыстар мен бомбалаулар жалғасатын болса, жүз мыңдаған адамның қайтадан Түркияға бағыт алатынын, көш толқынының тек қана Түркия емес, Еуропаны да шайқайтынын атап айтты.

Килиске Сириядан атылған зымыран оғын еске салған Ялчын Акдоған «ДАИШ қанішер бір ұйым. Бүгін Килисте зымыран оғынан екі жазықсыз адам қаза тапты, олардың бірі 5 жасар бала еді. Түркия дәл кезінде еселеп қарсы шабуыл жасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар