Грекия премьер-министрі Ципрас Түркияға келді

Измир кеше 95 жылдан кейін тұңғыш рет бір грек премьер-министрге қонақжайлық жасады.

447213
Грекия премьер-министрі Ципрас Түркияға келді

Брюссельде дүйсенбі күні жүзеге асқан Түркия-Еуроодақ саммитінің бір күн артынан премьер-министр Ахмет Давутоғлу грек әріптесі Ципрасты күтті.

Түркия-Грекия 4-ші Жоғары деңгейлі ынтымақтастық жиналысында Эгей теңізіндегі босқын дағдарысына қарсы бірге жұмыстану шешімі шықты.

Премьер-министр Давутоғлу және Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас кездесудің артынан премьер-министрлік кеңсесінде ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды.

Давутоғлу жиналыста айтқан сөзінде Түркия мен Грекияның босқын дағдарысында бірдей көзқараста екенін атап, «Алдағы кезеңде Эгейдің жазықсыз адамдар қаза тапқан бір трагедия теңізі емес, керісінше Түркия мен Грекия арасында бақытты бөліскеніміз бір теңіз ретінде көргіміз келеді» деді.

Измирден Афины және Анкара арасында әуе қатынасының басталатынын сүйіншілеген Давутоғлу «Қатынас тұрғысынан Эгейдің екі жағалауына инвестициялар жасалады. Измер мен Салоники арасында паром инфрақұрылымы да болады. Салоники мен Стамбұл арасында жүрдек пойыз маңызды, жетілдіргіміз келеді. Түрік әуе жолдарымен де байланыс жасадық. Анкара мен Афины арасында рейстер қысқа уақытта басталады» деді.

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас болса «Оң мыңдаған босқынның Еуропаға көшу себебі Грекия мен Түркия емес. Сириядағы атысты тоқтату жалғасу керек. Түркия мен Грекия босқын дағдарысының жауаптысы емес» деді.

«Кипр мәселесінің әділ түрде шешімі тақырыбында көзқарасымыз ортақ» деген Ципрас Түркияның Еуроодақ мүшелігі жайлы «Түркияның Еуроодақ мүшелігін Грекия ретінде әрқашан қолдаймыз. Түркияның мүшелігі әрі демократиялық реформалар үшін, әрі аймақ үшін аса маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар