Давутоғлу Түркия-Еуроодақ саммитін бағалады

Сирияда қауіпсіз бір аймақ құру тақырыбы Еуроодақ мәтіндеріне кірді.

447149
Давутоғлу Түркия-Еуроодақ саммитін бағалады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Брюссельдегі Түркия-Еуроодақ саммитінде Сирияда қауіпсіз бір аймақ құру тақырыбының Еуроодақ мәтіндерінде алғаш рет орын алғанын білдірді.

Премьер-министр Давутоғлу Түркияның Еуроодақ мүшелік кезеңі мен Сирияда басылатын қадамдар қолға алынған Брюссель саммитінен оралғанда, журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Саммитте екі маңызды жаңалық бар екенін атап айтқан Давутоғлу бұлардың біріншісінің Азез-Жераблус желісінде қауіпсіз бір аймақ құрудың тұңғыш рет мәтіндерде орын алуы екенін білдірді.

Екіншісінің де түрік азаматтарының маусым айынан бастап визасыз саяхат уәдесінің берілуі екенін атап айтқан Давутоғлу қажетті заңдарды шығару үшін оппозицияға шақыру тастап, маңызды бір кезеңде екендерін жеткізді.

Давутоғлу «Маусым айынан бастап, Еуропаға визасыз бару үшін 9 заңның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде қабылдануы керек» деді.

Саммиттегі стратегиясы жайлы мағлұмат берген Давутоғлу «Күтпеген әрекеттер қарсыластарды әртүрлі шешімді қабылдауға итермелей алады» деді.

Давутоғлу саммит алдында дайындағандары 12 баптан тұратын жобаның кедергілерді жойғанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар