Кабулда түріктерге шабуыл жасалды

Шабуылда 2 түрік қаза тапты, 2 түрік жарақат алды.

445302
Кабулда түріктерге шабуыл жасалды

Ауғанстанның астанасы Кабулда түріктерге тиесілі бір кәсіпорынға жасалған қарулы шабуылда түрік азаматы 2 адам қаза тапты, 2 адам жарақат алды.

Тағы бір шабуылда болса бір түрік азаматын алып қашты.

Түрік азаматы Осман Каяға тиесілі кәсіпорынға кім екені белгісіз адамдар шабуыл қаруларымен шабуылдады. Шабуылда 2 түрік азаматы қаза тапты. Кәсіпорынның қожайыны мен 1 адам ауыр жарақат алды.

Жаралылар Кабулдағы бір ауруханаға апарылды.

Түркияның Кабулдағы өкілетті және төтенше елшісі Али Суат Акын ауруханаға барып, жаралылар жайлы мағлұмат алды.

Кабул полициясы оқиғамен байланысты ауқымды тергеу жұмысы бастады.

Басқа жағынан шабуыл жасалған кезде түріктерге тиесілі басқа бір кәсіпорынға басып кірген шабуылшылар фирманың 1 жұмысшысын алып қашты.

Аты мәлімденбеген жұмысшының кімдердің алып қашқаны белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар