Президент Ердоғанның Батыс Африка туры басталды

Президент кезегімен Кот-д'Ивуар Республикасы, Гана, Нигерия және Гвинеяға барады.

440770
Президент Ердоғанның Батыс Африка туры басталды

Ердоған кезегімен Кот-д'Ивуар, Гана, Нигерия және Гвинеяға барады.

Ердоғанның Кот-д'Ивуар мен Гвинеяға сапары Түркиядан президент деңгейіндегі тұңғыш сапар болу ерекшелігіне ие.

Ердоғанның делегациясында іскерлер де орын алады.

Сапары аясында әртүрлі салаларда келісімдерге қол қойылуы күтіледі.

Президенттің Кот-д'Ивуардың артынан Гана, Нигерия және Гвинея сапарымен Африка құрлығымен ынтымақтастығы одан әрі күшейетін болады.

Батыс Африка мемлекеттері экономикалық бірлігі (ECOWAS) мүшесі аталмыш 4 елге жүзеге асатын сапарлар сондай-ақ Африка құрлығының маңызды аймақтық құрылымы ретінде «ECOWAS»-пен Түркияның ынтымақтастығын жетілдіру бағытындағы ниетін ашық түрде ортаға қояды.

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен жылы да Эфиопия, Джибути және Сомалиге ресми сапар ұйымдастырған болатын.

Батыс Африкада Нигерияның артынан екінші үлкен экономикаға ие Кот-д'Ивуар темір мен бағыр сияқты бай резервтерге ие.

Түркия мен Кот-д'Ивуар арасындағы сауда ынтымақтастығында соңғы жылдары маңызды жаңалықтар болды.

Екі ел арасындағы сауда көлемі 400 миллион долларға жақындады. 2020 жылына дейін екі ел сауда айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алады.

Түрік іскерлердің қазірге дейін Кот-д'Ивуарға салған инвестицияның көлемі 150 миллион доллардан асты.



Ұқсас жаңалықтар