Операцияда шәйіт болған 2 әскер жерленді

Шыққан қақтығыста бір террорист өлтірілді, бір террорист ұсталды

438942
Операцияда шәйіт болған 2 әскер жерленді

Диярбакырдың Сур ауданында террор ұйымы ПКК-ға бағытталған операцияда шәйіт болған 2 әскер жерленді.

Сержант Селчук Дост Адыяманда, сержант Йеткин Ершан болса Хатайда жерленді.

2 шәйітті о бір дүниеге аттандырған кезде операциялар жалғасып жатты. Дәл сол кезде екі әскердің тағы шәйіт болғаны жөнінде суық хабар келді.

Сур ауданында террористтердің шабуылы кесірінен сержант Хакан Мұстафа мен сержант Осман Каплан жараланды. Ауруханада барлық құтқару шараларына қарамастан 2 әскер құтқарыла алмады.

Осы барыста Мардиннің Кылызтепе ауданында қауіпсіздік күштері мен террористтер арасында шыққан қақтығыста бір террорист өлтірілді, бір террорист ұсталды.

Қауіпсіздік күштері террористтермен бірге қару-жарақ және жабдықтар қолға түсірілді.



Ұқсас жаңалықтар