Сириядағы жарылыста 150 адам қаза тапты

Сирияда ұйымдастырылған бомба шабуылда қаза тапқандар саны 150-ге жетті

436850
Сириядағы жарылыста  150 адам қаза тапты

Сирияның астанасы Дамаск және Хомус қаласында ұйымдастырылған бомба шабуылда қаза тапқандар саны 150-ге жетті.

Хомуста режим бақылауында болған аймақта бомба тиелген екі көлікпен шабуыл ұйымдастырылды.

Жанкешті шабуылшылар қолданған көлік 20 минуттан кейін жарылды.

Жарылыста 59 адам қаза тапты, 100-ден астам адам да жарақат алды.

Дамасктың Саида Зейнаб ауданында кем дегенде 4 жарылыс болған. Одан 96 адам көз жұмды, мөлшермен 200 адам жараланды.

Дәл қазіргі уақытта нақты қанша адам ажал құшқанын дөп басып айту қиын.



Ұқсас жаңалықтар