Чавушоғлұ La Stampa-ға сұхбат берді

Орыстар Сирияда әскери операцияларын жалғастырады

436980
Чавушоғлұ La Stampa-ға сұхбат берді

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Ресейдің Сириядағы әуе шабуылдарын шоғырландыру үшін Женева келіссөздерін пайдаланғанын айтты.

Сыртқы істер министрі Италияның ең атақты газеті La Stampa-ға сұхбат берді. Сұхбатында Сирия дағдарысы, Ресейдің осы дағдарыстағы тұғыры және келімсектер мәселесі сынды басты тақырыптарды түсіндірді.

Газеттегі сұхбат хабарында «Сирия дағдарысының шешіміндегі ең үлкен тосқауыл не?» деген сұраққа Чавушоғлұ «Күдіксіз Ресей» деп жауап беріп, Түркияның кең көлемді ынтымақтастық жасауға дайын екенін, сонымен қатар шекараның қалай бақылау астына ала алатыны жөнінде сабақ алудан шаршағанын баяндады.

«Ресей мәселенің тарапы ма? әлде шешімнің тарапы ма?» деген сұраққа орай Чавушоғлұ Ресейдің қыркүйек айында «ДАИШ-пен күресудеміз» деген сылтаумен Сирияға кіргенін еске салып, «Сол уақыттан бері оппозицияларға және жай халыққа бағытталған шабуылдан басқа ешбір нәрсе істеген жоқ. Тек осы ғана емес, орыстар Сириядағы әуе шабуылдарын көбейту үшін Женева келіссөздерін қолданды» деген жауап берді.

Министр Чавушоғлұ сонымен қатар дипломатиялық талпыныстарға қарамастан орыстардың және Сириядағы режимнің әскери операцияларын жалғастыратынын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар