Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Террор ұйымы PYD-нің қарулы қолы YPG

435877
Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның шекарасындағы заңсыз әрекеттерді ұзақтан ғана қадағалап отыратын бір ел болмайтынын айтты.

Ердоған астана Анкарада 28 адамның жанын алған қанды қол қылмыстылардың террор ұйымы PYD-нің қарулы қолы YPG екенін баяндады.

Ердоған Стамбулда журналисттердің шабуылға байланысты сұрақтарына жауап берді.

Ердоған ұлттық барлау ұйымының жанкешті шабуылшы тысында тағы екі қылмыстының белгіленгенін баяндады.

Батыстың осы мәселені түсінгісі келмегенің қайғы жаратқанын да айтқан Президент Ердоған «ПКК Еуропа Одағы елдері тарапынан террор ұйымы ретінде жариялаған кезде PYD мен YPG-ні әлі террор ұйымы деп жарияламаса онда бұған да лағнет ету керек. Бізден тағы не талап еткісі келеді. Дәлелдердің барлығын берудеміз» деді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Кербидің аталмыш террор ұйымына тән соңғы мәлімдемесін түсіндіруді талап еткен журналисттерге «Бұл адамды тілге тиек етпеңдер» деп жауап берген Президент Ердоған кеште АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар