Чавушоғлұ Грузия Мәжіліс төрағасымен кездесті

Чавушоғлұ Тбилисиде үштік сыртқы істер министрлері жиналысына қатысады.

435842
Чавушоғлұ Грузия Мәжіліс төрағасымен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Тбилисиде Грузия Мәжіліс төрағасы Давид Усупашвилимен кездесті.

Дипломатиялық қайнар көздерден алынған мағлұмат бойынша Грузия Парламент ғимаратында өткізілген кездесуде Усупашвили Анкарадағы террор шабуылы себепті Чавушоғлұна көңіл айтты.

Министр Чавушоғлұ Усупашвилиге Түркияның террормен күрес және Сириядағы соңғы оқиғалар жөнінде мағлұмат берді. Кездесуде екі арасындағы қарым-қатынастардың парламент арасы деңгейі, халықаралық саладағы ынтымақтастық және Грузиядағы түркі халықтарының жағдайы да күн тәртіпке келді.

Чавушоғлұ Тбилисиде Түркия-Әзірбайжан-Грузия үштік сыртқы істер министрлері жиналысына да қатысады.



Ұқсас жаңалықтар