Анкарадағы терактіні жасаушы анықталды

Ахмет Давутоғлу Анкарадағы терактіні ұйымның Сирияда туылған мүшесі Салих Нежжар жасағанын білдірді.

435032
Анкарадағы терактіні жасаушы анықталды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу «одақтастарымыз қолдап отырған YPG 28 жанымызды алды» деп, бас қала Анкарадағы терактіні жасаған адамның ұйымның Сирияда туылған мүшесі Салих Нежжар екенін білдірді.

Давутоғлу: «Тап қазір оқиғаның қылмыстылары толығымен анықталды. Бұл шабуылды Түркия ішінде бөлшектеуші террор ұйымының мүшелері мен YPG-ге мүше бір адамның бірге ұйымдастырғаны анықталды. Бұл адам PKK және YPG ұйымдарына мүше. 1992 жылы Сирияның Амуде қаласында туылған Салих Нежжар. Шабуылға байланысты 9 адам тұтқынға алынды» деді.

Давутоғлу террор шабуылына байланысты Бас штаб басқармасы төрағасы армия генералы Хулуси Акарға көңіл айтты.

Премьер-министр: «Бұл шабуылдың құны төленеді. Өзімізді қорғау құқығымыз да бар. Шекарада да шара қолданамыз. Осы опасыз шабуылға еселеп жауап қайтарылады» деді.

Ахмет Давутоғлу: «YPG-ні үстелге шақырғысы келгендерге де үн қатамын. Әл Кайда үстелге қалай отырмаса, ДАИШ үстелге қалай отыра алмайтын болса, террор ұйымы YPG де үстелге отырмайды» деді.

Давутоғлу сөздерін «YPG-нің Азезге қарай жылжуы үшін әуеден қолдау берген және жазықсыз халыққа бомба жаудырған Ресейге ескерту жасаймын: террор ұйымын Сириядағы халыққа және Түркияға қарсы қолданба. Терроризмді қолданғандарға бұл террор ойыны қайта айналып келіп соғады» деп жалғастырды.

Осы арада Анкарадағы терактіге байланысты полиция қызметкерлері көліктің иесін анықтады. Шабуылда қолданылған көлік екі ай бұрын жалдап алынған. Террористтер көлікке тағылған нөмірдің егізін басқа бір көлікке де таққан.



Ұқсас жаңалықтар