Аурухана мен мектептерді бомбалаған Ресейге айыптау

Сириялық азаматтық қоғам мекемелері ауруханалар мен мектептердің нысанаға алынуын айыптады.

434306
Аурухана мен мектептерді бомбалаған Ресейге айыптау

Ресейдің әуе шабуылдарымен ауруханалар мен мектептерді нысанаға алуы сириялық азаматтық қоғам мекемелері тарапынан айыпталды.

Газиантеп қаласында бас қосқан 20 мекеме жариялағандары ортақ декларациямен ауруханаларды соғыстан тыс қалдыру тақырыбында халықаралық күштерге шақыру тастады.

Декларация ағылшын және араб тілінде оқылды.

Сирия гуманитарлық және медициналық қоғамы төрағасы Абдуррахман эл-Өмер Сирияда үлкен қиыншылықтармен құрғандары ауруханалардың Ресей тарапынан жетілген қарулармен жойылғанын атап айтты.

Орыс соғыс ұшақтарының денсаулық сақтау мекемесі және ауруханаларға 215 шабуыл жасағанын мәлімдеген эл-Өмер Ресейдің соңғы әуе шабуылдарында әсіресе Азазда әйел мен бала ауруханасы және Халықаралық ортопедиялық хирургия орталығын нысанаға алғанын білдірді.

Сирия гуманитарлық және медициналық қоғамының декларациясында денсаулық сақтау қызметкерлерінің жағдайына да орын берілді.

Сирия-Америка Денсаулық сақтау қоғамы төрағасы Ревваз Алкад Сириядағы соғыста 700-ден астам денсаулық сақтау қызметкерінің қаза тапқанын, көптеген қызметкердің де із-түссіз жоғалғанын атап көрсетті.

Алкад Азаматтық қоғам мекемелері мен ауруханалардың нысанаға алынбауы жөнінде шақыру тастады.

Гуманитарлық Дамаск қоғамы төрағасы Мұхаммед Осман болса «Ресейге, әлемге және дос мемлекеттерге шақыру тастаймыз. Ауруханаларымызды аяусыз соғыстан тыс қалдырыңдар. Сол ауруханаларда ісік, жүрек, диализ науқастары бар. Бәрінен де маңыздысы балалар бар. Ресей олардың үміттерін жойды. Бұл шақыруға назар аударыңдар» деді.



Ұқсас жаңалықтар