Террормен күрес ел көлемінде жалғасуда

Мардиннің Нусайбин ауданында террористтер қауіпсіздік күштеріне шабуылдады.

432616
Террормен күрес ел көлемінде жалғасуда

Мардиннің Нусайбин ауданында террористтер қауіпсіздік күштеріне шабуылдады. Шыққан қақтығыста 12 жасар бала қаза тапты, 1 адам да жарақат алды.

Ауданда әскер мен полицияларды тасымалдаған керуен өткен кезде қарулы шабуыл жасалды.

Қақтығыста 2 жазықсыз адам жарақат алды.

Нусайбин Мемлекеттік ауруханасына апарылған 12 жасар жаралы бала қаза тапты.

Террористтер ауданда бір мектеп пен бір орта мектептің шатырларын өртеді.

Өрт қысқа уақыттан кейін ұлғайды дегенмен өрт сөндіру топтары қазылған орлар және баррикадалар себепті көшеге кіре алмады.

Террористтер өрт сөндіру топтарына да шабуылдады.

Аймақтағы өртті сөндіруге барған топтар өртті сөндіре алмай артқа қайтты.

Хатайда да адам саудагерлері 1 әскерді шәйіт етті.

Йайладағы ауданы Гүвеччи аумағы маңында Сирия шекарасынан өтуге тырысқан адам саудагерлері әскерлер тарапынан тоқтатылды.

Адам саудагерлері пышақ сұққан 1 әскер шәйіт болды.

Стамбұлдың кейбір аудандарында болса рұқсатсыз шерулерге полиция қарсылық берді. 59 адам тергеуге алынды.

Күдіктілермен бірге көптеген қару мен оқ қолға түсірілді.

Басқа жағынан Сұлтангазидегі рұқсатсыз шеруде атылған оқтың салдарынан 1 полиция қызметкері жеңіл жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар