Президент Режеп Тайып Ердоған жас іскерлерге үн қатты

Президент Ердоған террормен күрес тақырыбында екіжүзділікпен қозғалған батысты сынға алды.

430852
Президент Режеп Тайып Ердоған жас іскерлерге үн қатты

Ердоған Түркия Жас іскерлер конфедерациясының жалпы кеңесіндегі баяндамасында Сириядағы көш толқынының ең үлкен себебінің Ресей мен Асад режимінің жазықсыз халықты нысанаға алған шабуылдары екенін атап айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирияда жазықсыз халыққа қырғын жасаған Ресей, Иран және Асад режиміне қарсы шара қолданудың орнына, Түркияға босқындар үшін шақыру тастауын шынайылықтан аулақ бір ұстаным ретінде бағалады. Ердоған «Ей Біріккен Ұлттар Ұйымы, сен не жұмыс істеп отырсың? Қазірге дейін 10 миллиард долларға жақын босқындар үшін ақша жұмсаған Түркияға сен қандай қолдау көрсеттің, 455 миллион доллар. Өте ұят. Біздің маңдайымызда есалаң деп жаза ма? Сабырымыз шектеулі, кейін біз де қажет шараларды қолданамыз. Бізге ақыл берушілер барып БҰҰ-ның қалған мүшелеріне ақыл берсін. Босқындарды сол елдерге де жіберейік» деп наразылық көрсетті.

Еуроодақтан Түркиядағы сириялықтар үшін бөлінген қаржыға да тоқталған президент Ердоған бұл ақшаның Түркия үшін емес, сириялықтар үшін жұмсалатынын еске салып, «Біз қазірге дейін сізден "ақша келеді" деген үмітпен 9 миллиард доллар жұмсаған жоқпыз. Сол біздің қонақжайлығымыздың көрсеткіші болғаны себепті мұны жасадық» деді.

Ердоған кейбір орталардың ПЙД-ні террор ұйымы ПКК-дан бөлек көре алмайтындай соқыр екенін айтып, мұны "екіжүзділік" деп бағалады.



Ұқсас жаңалықтар