Анкарада ПКК террор ұйымына операция жасалды

Бөлшектеуші террор ұйымымен күрес үлкен қалаларда да жалғасуда.

429609
Анкарада ПКК террор ұйымына операция жасалды

Анкарадағы операцияларда ПКК террор ұйымының жастар жауаптысы ұсталды.

Анкара полиция дирекциясы Террормен күрес және барлау филиалы топтары Джебежи ауданында бір үйдің террор ұйымы ПКК-ның жастар тармағы тарапынан қолданылғаны және ұйымның тау кадрларына жіберу үшін кейбір адамдарды бұл мекен-жайда күткенін анықтады.

Қауіпсіздік күштері үйге жасаған операцияда 5 адамды тергеуге алды.

Медициналық сараптаудың артынан Террормен күрес филиалына апарылған күдіктілердің бірі Сусин Ш.-дың ПКК-ның жастар құрылымының Анкара жауаптысы екені, Х.К.-ның болса ұйымның лауазымдысы екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар