Вице-премьер Нуман Куртулмуш түркі әлемінің ортақ арнасына қонақ болды

Куртулмуш ТРТ Әуез арнасында жарияланған «Түркістан күн тәртібі» атты бағдарламада Түркия мен Түрік әлемі ынтымақтастығына назар аударды.

428417
Вице-премьер Нуман Куртулмуш түркі әлемінің ортақ арнасына қонақ болды

Вице-премьер Нуман Куртулмуш ТРТ Әуез арнасында жарияланған «Түркістан күн тәртібі» атты бағдарламада Түркия мен Түрік әлемі ынтымақтастығын бағалады.

Вице-премьер «Түркия Таяу Шығыс, Кавказ, Балкан және Ислам жағрапиясының кілті. Тек қана Түркия Республикасы мемлекеттері емес, арғы жағында мыңдаған жылдық бір тарих жинағы бар. Әлемнің түкпір-түкпірінде таңбамыз бар. Біреулер Түркияның күшеюін қаламайды» деді.

Куртулмуш жақын аймағы мен Таяу Шығыстағы төтенше жағдайлардың Түркияның Түркі әлемімен байланыстарын әлсіреткені жайлы сұраққа «Сириядағы дағдарыс 2011 жылдан бері бізді мазалайды. Шамамен 2 миллион 700 мың сириялыққа есіктерімізді аштық. Бұл адамдардың ішінде арабтар бар, түрікмендер бар, күрдтер бар, йезидтер бар. Кім сізден жәрдем сұраса, сіз де оның қолынан ұстап көтересіз. Сондықтан Таяу Шығыстағы жаңалықтар Түркияның шынында да уақытын алады. Түркия шамамен 8 миллиард доллар бір шығынды көтереді. Оған қоса, халықаралық бір босқын мәселесімен бетпе-бет қалады. Оған қоса, Сирия мен Ирактағы саяси тұрақтылық себепті террор қаупімен бетпе-бет қалады» деп жауап қайтарды.

Вице-премьер Нуман Куртулмуш жаңа бір кезеңде ТРТ-нің қабілеттерін арттырып, түркі әлеміне үлкен қызметін жалғастыратынын білдірді. ТРТ-нің жаңа бастамалар жасайтынын атап айтқан Куртулмуш «TRT World, Түркия мен түркі әлемінің үнін әлемнің түкпір-түкпіріне лайықты түрде таратады» деді.



Ұқсас жаңалықтар