Ердоған Эквадорда кездесулер өткізді.

Ердоған Эквадор Президенті Рафаэль Корреамен кездесті

427532
Ердоған Эквадорда кездесулер өткізді.

Оңтүстік Америка сапарын жалғастырған Президент Режеп Тайып Ердоған Эквадорда кездесулер өткізді.

Президент Ердоған астана Китода Президент Рафаэль Корреа тарапынан салтанатты түрде қарсы алынды.

Оңаша кездескен екі лидер одан кейін журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Президент Ердоған екі ел қарым-қатынастарының заңдық іргетасының күшейтетін кейбір келісімдерге қол қойғанын айтты.

Сирия тақырыбына да тоқталған Ердоған Ресей және режимнің ауыр бомбалауы астында сириялықтардың қашудан басқа амалының қалмағанын түсіндіріп, «Бұл шабуылдарды тоқтата алмаған әлем бізден келімсек толқынын тоқтатуымызды талап етуде» деді.

Президент Ердоған одан кейін Корреамен бірге Түркия-Эквадор Бизнес Форумына қатысты.

Ердоған бұл жерде жасаған баяндамасында Түркияның Үлкен 20 тобы кезекті төрағалығында көптеген салада нақтылы жұмыс істегенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар