Жизре мен Сур аудандарында 12 ПКК-лық террорист өлтірілді

Қауіпсіздік күштері террормен күрестің соңғы сатысына өтті

426826
Жизре мен Сур аудандарында 12 ПКК-лық террорист өлтірілді

Террормен күрес аясында жүргізілген операциялар жақында аяқталады. Террористтер тарапынан қалаларда құрылған баррикадалар жойылып, орлар жабылуда.

Қауіпсіздік күштерінің террор ұйымына бағытталған операциялар аяқталған кейбір аймақтарда қауіпсіздіктің қайта қамтамасыз етіліп, қазірше 9 аумақта коменданттық сағат күшінен жойылды.

Сур ауданында 27 қаңтар күні Абдалдеде, Али Паша, Лалебей, Сүлейман Назиф және Зия Гөкалп көшелерінде, Жамикебир, Жаминеби, Искендерпаша және Меликахмет көшелерінде болса 2 ақпан күні коменданттық сағат жарияланған болатын.

Ауданның 6 аумағында болса коменданттық сағаттың жалғасқаны білдірілді.

ПКК террор ұйымына бағытталған операциялар жалғасқан Шырнактың Жизре ауданында штаб пәтер ретінде қолданылған бір мешіттің қашып жатқан террористтер тарапынан өртенгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар