Ердоған Перуге сенеді

Чилидегі байланыстарын аяқтаған президент Ердоған екінші аялдамасы Перуге өтті.

426710
Ердоған Перуге сенеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сириялық босқындардың қайғысына ортақ болуда Перуге сенетінін айтты.

«Гуманитарлық мәселелердегі сезімталдығымен белгілі Перу да осы проблеманың халықаралық аренада лайықты орнын табуы үшін жұмыстанады деп сенемін» деді ол.

Чилидегі байланыстарын аяқтаған президент Ердоған екінші аялдамасы Перуге өтті.

Сириядағы жағдайда бұл жолы Перудің астанасы Лимада тілге тиек еткен Ердоған Сирия дағдарысының екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі гуманитарлық трагедияға себеп болғанын айтты.

Ердоған 400 мың адамның қаза тапқанын, қалалар, кітапханалардың қирағанын, 12 миллион адамның елін тастап кеткенін білдірді.

Түркия мен Перу арасында түрлі салада бес келісімге қол қойылды. Екі ел сауда айналымын қысқа уақытта 1 миллиард доллардан асыруға тырысады.

Ердоған: «Әсіресе кен және энергия саласында Перудің мүмкіндіктері бар. Бірігіп жұмыстану үшін сөйлесуге мүмкіндік таптық» деді.

Перу басшысы Ольянта Умала да туризм және құрылыс саласындағы ынтымақтастықтардың маңызына тоқталды.

Умала 2019 жылғы Пан Американ ойындары үшін олимпиада қалашығы салынатынын еске салып, түрік мердігерлерді ынтымақтастыққа шақырды.



Ұқсас жаңалықтар