Ресей ПКК террор ұйымына ашық түрде қолдау беруде

Президент Ердоған Чили сапары алдында мәлімдеме жасады.

425922
Ресей ПКК террор ұйымына ашық түрде қолдау беруде
Президент Режеп Тайып Ердоған Мәскеу әкімшілігінің ПКК террор ұйымына ашық және нақты түрде қолдау бергенін атап көрсетті.
Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей кездескісі келгенін атап айтқан Ердоған «Өзіне жасаған бұл сұранысымызға әлі жауап қайтармады» деді.
Ердоған Чилиге аттанбастан бұрын Ататүрік әуе жайында баспасөз жиналысы ұйымдастырып, сұрақтарға жауап қайтарды.
Президент Женева келіссөздері тақырыбындағы бір сұраққа ПЙД-нің террор ұйымы екенін еске салып, «Біз бір террор ұйымымен нені сөйлесеміз? Бұл ұсынысты жасағандар ДАИШ-пен бірдей келіссөз үстеліне отырсын. ДАИШ-пен келіссөз үстеліне отыра алама екен? Бұл олар үшін жай нәрсе көріне ме екен? Әрине отыра алмайды. Бұл қалай жай нәрсе болмаса, аталмыш террор ұйымымен де біздің бірдей келіссөз үстеліне отыруымыз ешқашан мүмкін емес» деді.
Ресейдің осы жердегі ұстанымын да жақтамағанын атап айтқан Ердоған «Ресей ПКК террор ұйымымен келіссөз жасап, бұл тұрғыдан атын ластады» деді.
Ресей ұшағының түрік әуе кеңістігіне бағытталған бұзушылығы жайлы Ердоған бұл әрекеттің аймақта қызуды арттыруды мақсат еткенін білдірді.
«Бізден бұрын НАТО бұл бұзушылықты тіркеді» деген Ердоған Ресейдің Түркияның егемендік хақына бағытталған бұл бұзушылық жалғасқан жағдайда өзінің жапа шегетінін атап айтты.
Президент «Мұндай жауапкершіліксіз қадамдар не Ресейге не болмаса НАТО-Ресей ынтымақтастығына аймақтық және жаһандық бейбітшілікке пайда әкелмейді. Керісінше маңызды зиян келтіреді» деді.
Ресейдің қазірге дейін Сирияға шекарасы маңындағы жазықсыз нысаналарға бағытталған адам құқықтары бұзушылығы алдында одан тұрақты қозғалу керектігін атап айтқан Ердоған «Бүгін Сирияда баршаның көз алдында болып жатқан бұл зұлымдықты көрместен келгендер ертең ортаға шығып нәтижесінен өкінбесін» деді.
Президент Ердоған қазірге дейін аймақта Байырбуджак түрікмендеріне тиесілі көптеген ауылды бомбалауды жалғастырғанын атап «3 мың адам қазір Түркияны паналады. Түркияға келген барлық бауырларымызды, босқындарды күтеміз» деді.


Ұқсас жаңалықтар