ДАИШ террор ұйымына мүше 7 шетелдік ұсталды

Шетелдік террор ұйымы мүшелері сот үкімімен тұтқындалды.

425925
ДАИШ террор ұйымына мүше 7 шетелдік ұсталды
Кахраманмарашта ДАИШ террор ұйымына бағытталған операцияларда шетелдік 7 адам ұсталды.
Қауіпсіздік күштері Кахраманмараш арқылы автобустармен Сирия шекарасына жақын қалаларға барғысы келген шетелдік 7 адамды тергеуге алды.
Полициядағы тергеу жұмыстары аяқталған күдіктілер сот органдары тарапынан тұтқындалды.
Бас Штаб Басқармасы кеше жасаған мәлімдемеде болса 2015 жылы 1 қаңтар күніне дейін шекара қақпаларында мың 139 ДАИШ террор ұйымы мүшесінің ұсталғанын атап көрсеткен болатын.
Мәлімдемеде соңғы кездері шекарада іске қосылған Шекара қауіпсіздік жүйелері жайлы қабылданған шешімдердің ықпалды екеніне назар аударылған еді.


Ұқсас жаңалықтар