Ибрахим Калын террор ұйымы жайлы мәлімдеме жасады

Калын ПКК террор ұйымына қарсы жүргізілген күрестің ешқашан күрдтермен күрес емес екенін қайталады.

425102
Ибрахим Калын террор ұйымы жайлы мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын ПКК террор ұйымымен жүргізілген күрестің ешқашан күрдтермен күрес емес екенін қайталады.
Ибрахим Калын президенттік сарайда журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
Террор ұйымына қарсы жүргізілген күрестің ешқашан күрдтерге қарсы жүргізілмегенін атап «Бұған керісінше қозғалу, террор ұйымының күрдтерге өкілдік жасағаны, тіпті оларды тепе-тең қабылдау деген мағынаға келеді. Мұның шындықпен қарама-қайшы екені ашық. Террор ұйымының өзін күрд азаматтардың өкілі сияқты көрсету талпынысы болуы мүмкін. Бұл тек қана пропаганда болып табылады» деді.
Террор ұйымының қаруларды тастауы жөніндегі сөздеріне назар аударған Калын «Кейде бізге айтылған 'қақтығыс тоқтасын, операциялар тоқтасын, анау істелсін, мынау істелсін' сияқты шақырулар негізінде 'террор ұйымының қаруларын тастау' шақыруы болуға тиісті. Біздің оларға жасайтын шақыруымыз бізге мекемелік тәртіп орнату туралы жасаған шақыруларымызбен байланысты шақыру тастаудың орнына террор ұйымы мен оған қарасты қарулы топтардың қару тастауы үшін шақыру тастағаны жөн» деді.
Ибрахим Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның аудан басшыларымен бас қосуында айтқан «Қажет жағдайда заңнамаларды шетке тастау» деген сөздерімен байланысты пікір таластарға «Әсіресе соңғы айларда Шығыс пен Оңтүстік Шығыс аймақтарында белгілі әкімшіліктердің мемлекеттің күшін пайдаланып, мемлекетке қарсы қолдану талпыныстарының алдын алу мақсатты жасалған бір шақыру болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар