Террормен күрес аясында 544 ПКК-лық террорист өлтірілді

Бас Штаб Басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

423300
Террормен күрес аясында 544 ПКК-лық террорист өлтірілді

Бас Штаб Басқармасы террормен күрес аясында Силопиде 135, Жизреде 308 және Сурда болса 101 ПКК-лық террористтің көзін жойғанын жариялады.
Мәлімдемеде операцияларда 732 қолдан жасалған жарылғыштың жойылғаны, 218 бөгеттің тазаланғаны және 31 шұңқырдың жабылғаны аталып, «Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның қозғалу қабілеті жойылды. Артта қалдырылған шұңқыр мен бөгеттердің жойылуы, қолдан жасалған жарылғыштардың тазалануы және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іздеу және тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жұмыстардың орындалуы аса маңызды болып, азаматтарымыздың қауіпсіз бір ортада тыныштықпен өмір сүруі нысанаға алынады» делінді.
Жизредегі операцияларда ауданның 76 пайызындағы шұңқыр мен бөгеттердің жойылғаны, көптеген террористтің азаматтардың хабарлауымен қашып жатқанда ұсталғаны атап көрсетілді.
Диярбакырдың Сур ауданында жалғасқан операцияларда болса ауданның 71 пайызында шұңқыр мен бөгеттердің жойылғаны атап көрсетілді.
Басқа жағынан Шырнактың Силопи және Жизре, Диярбакырдың да Сур аудандарында жүргізілген операцияларда азаматтар әскер мен полицияға қолдау беруде.



Ұқсас жаңалықтар