Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Давоста

Давутоғлу 46-шы Бүкіләлемдік Экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияның Давос қалашығына барды.

422929
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Давоста

46-шы мәрте ұйымдастырылған Бүкіләлемдік Экономикалық форумына қатысу үшін Швейцарияның Давос қалашығына барған премьер-министр Ахмет Давутоғлу байланыстарын бастады.
Премьер-министр алғашқы күні Солтүстік Кипр Түрік Республикасы елбасы Мұстафа Акынжымен бас қосты.
Давутоғлу Давосқа БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун тарапынан арнайы қонақ ретінде шақырылған Акынжымен аралдағы соңғы жаңалықтар жайлы көзқарас алмасты.
Бейсенбі күні Бүкіләлемдік Экономикалық форум аясында ұйымдастырылатын Кипр арнайы отырысында Кипр келіссөздерінің соңғы жағдайы қолға алынады.
Премьер-министр кейін әлемнің ең үлкен банкі Қытай өнеркәсіп және сауда банкі атқару кеңесі төрағасы (ICBC) Джанцингті қабылдады.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Давос байланыстары аясында мемлекет пен үкімет басшылары, министрлер, экономика басшылары және азаматтық қоғам өкілдерімен оңаша кездеседі.
Давутоғлу 100-ден астам елден шамамен 55 мемлекет және үкімет басшысы, 300 министр мен 40-қа жақын халықаралық мекеме басшысына қоса көптеген іскер қатысатын 46-шы Бүкіләлемдік Экономикалық форумы жиналыстарында үкімет бағдарламаларында қамтылған бастамаларды түсіндіреді.



Ұқсас жаңалықтар