Чанкая резиденциясында террор жиналысы

Ішкі істер министрі: Қалаларды ПКК-дан тазартамыз.

412455
Чанкая резиденциясында террор жиналысы

Ішкі істер министрі Эфкан Ала бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның демократияны және халық билігін «шұңқырларға» көміп тастағысы келгенін бірақ азаматтардың бұған рұқсат етпегенін атап көрсетті.
Эфкан Ала вице-премьер Нуман Куртулмуш басшылығында Чанкая резиденциясында жүзеге асқан террор тақырыпты жиналыстың артынан журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
Террор ұйымы ПКК-ға қарсы Шырнактың Силопи мен Джизре аудандарынан бастап, Оңтүстік шығыс Анатолы аймағында 2 күннен бері жалғасқан ауқымды операцияларда 862-сі ауыр және ұзақ атымды барлығы 2 мың 240 қару-жарақ, шамамен 10 тонна жарылғыш пен 10 мың дана қолдан жасалған бомба қолға түсірілгенін атап айтты.
25 террорист өлтірілген операцияларда азаматтарға зиян келмеу үшін коменданттық сағат жарияланғанын білдірген Ала «Біз азаматтарымыз зиян көрмесін деген оймен коменданттық сағат режимін іске қосамыз. Азаматтар террор ұйымының қысымын қалағанда сандыққа барып дауыс бермес еді. Демократияны құдықтарға көміп тастағылары келеді. Мемлекет осыларға қарсы қажетті шараны қолдануда. Қалаларды ПКК-дан тазартамыз. Операциялар аяқталған соң балалардың мектептен қалмауы үшін бар шараларды қабылдаймыз» деді.
Аймақта 10 мың қауіпсіздік қызметкері қатысқан операцияларды 2 генерал-лейтенант басқарады.



Ұқсас жаңалықтар