Давутоғлу Түркияның Ирак саясатының ашық екенін айтты

«Ешкім Түркияның игі ниетіне күмәнданбасын» деді ол.

409659
Давутоғлу Түркияның Ирак саясатының ашық екенін айтты

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Түркияның Ирак саясатының ашық және принципті екенін айтты.


«Біз Ирактың территория тұтастығын баршадан көп қолдаймыз. Ешкім Түркияның игі ниетіне күмәнданбасын» деді ол.


Премьер-министр Давутоғлу Болгарияға аттанбастан бұрын әуежайында журналистердің сұрақтарына жауап берді.


Давутоғлу Түркияның терроризммен күресінің принципті ұстаным екенін айтып былай деді: «Тек ДАИШ-ке қарсы күрес емес, бұдан бұрын Әл Кайдаға қарсы, PKK –ға қарсы жүргізілген күресте де кім екеніне қарамадық. Сондықтан Башикадағы әскери болмысымыз Ирактың территория тұтастығына қауіп төндірмейді, сонымен бірге терроризммен күрес тақырыбында ең мықты ұстанымды көрсетеді»


Премьер-министр: «Терроризмге қарсы Ислам елдерінің бірігіп қозғалуы – террормен Исламды бірлестіргісі келетіндерге берілетін жақсы жауап. Осы аяда қайда, кім тарапынан болса да террормен күрес жүргізілетін болса Түркия үлес қосуға дайын тұрады. Ислам елдері арасындағы осы ынтаны орынды қадам деп есептейміз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар