Вице-премьер Акдоған түрікмендер жайлы мәлімдеме жасады

Вице-премьер Ялчын Акдоған жаһандық күштердің өзара күресінде Сирия халқын құрбан еткенін атап айтты.

407464
Вице-премьер Акдоған түрікмендер жайлы мәлімдеме жасады

Вице-премьер Акдоған Хатайдың Йайладағы ауданындағы Мұғалімдер үйінде түрікмендермен баспасөзге жабық өткен бір жиналыстың артынан мәлімдеме жасады.
Акдоған «Сирия мәселесі қысқа мерзімде шешілмейді, орта және ұзақ мерзімге созылатын бір мәселе. Жаһандық күштердің күресіне құрбан етілген бір мәселе және бұдан Сирия халқы зардап шегеді» деді.
Хатайда сириялықтар қонған уақытша баспана орталығын аралағандарын білдірген Акдоған түрікмен бауырларымызбен ерекше бір көңіл көпірлері бар екенін атап айтты.
Акдоған «Оларға да бірдей ие шығамыз. Әрі осында, әрі сол жерде. Не істеу керек болса Түркия ретінде олармен біргеміз. Түрікмен бауырларымыз өз аймақтарында қазір әрі Асад күштерімен, әрі террор ұйымдарымен күресіп, елді-мекендерін қорғауға тырысады. Яғни олар өз отандарын қорғайды. Түрікмен бауырларымызбен де ынтымақтастықты жалғастырамыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар