Премьер-министр Давутоғлу мәлімдеме жасады

Давутоғлу журналисттердің күн тәртіппен байланысты сұрақтарына жауап қайтарды.

400966
Премьер-министр Давутоғлу мәлімдеме жасады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Сирия мәселесінде соңғы сатыға келгенін айту үшін әлі ерте екенін атап, «Бұл дағдарыс шешілмей ешкім өзін тынышпын деп ойламасын» деді.
Премьер-министр Давутоғлу ДАИШ-пен күрес аясында Германия және Ұлыбританияның Инжирлик әуе базасын пайдалануына болымды қарағандарын білдірді.
Давутоғлу Әзірбайжанға 2 күнге жалғасқан ресми сапарынан оралғанда, журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
«Түрікмендердің Сирияда бір кантон жариялау ықтималы» жайлы сұраққа премьер-министр «Бұл біздіңше дұрыс емес. Әсіресе этникалық құрылымдарды қабылдамаймыз. Сирияның шекара тұтастығы біз үшін маңызды. Сирияны одан көп бөлшектеу талпыныстарына қарсы шығу керек» деді.
Премьер-министр Сирия шекарасын ДАИШ террор ұйымына қарсы АҚШ басшылығындағы ортақ операциялар жүргізіп, қорғаудағы тұрақтылықты жалғастыратындарын атап көрсетті.
Германияның Аданадағы Инжирлик базасын ДАИШ-ке қарсы операцияларда пайдалану үшін сұраныс жасағанын және бұл тақырыпта тиісті шаралардың орындалғанын атап айтқан Давутоғлу Ұлыбританиядан да сұраныс түскен жағдайда мәселенің талқыланатынын білдірді.
Давутоғлу Ресеймен дағдарыста Мәскеу әкімшілігінің оқиғаның психологиялық тұғырын пайдаланудан бас тарту керектігін жеткізді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар