Үкімет сенім даусын алды

Давутоғлу твиттер есебінен «Ең үлкен алғыс – біздің ең үлкен кепіліміз ұлтымызға» деп жазды.

357343
Үкімет сенім даусын алды

Әділет және даму партиясы төрағасы және Кония депутаты Давутоғлу басшылығында құрылған 64-ші үкімет Мәжілісте сенім даусын алды.
Түркия мәжілісі төраға Исмаил Каһраман басшылығында жиналды. Жалпы кеңесте электрондық жиһазбен жасалған ашық дауысқа салуға 509 депутат қатысты.
Ахмет Давутоғлу басшылығындағы жаңа үкімет 194 «қарсы» дауыс, 315 «қабыл» дауыспен сенім даусын алды.
Премьер-министр Давутоғлу дауысқа салудан кейін алғыс білдірді. Давутоғлу оппозицияның болымды ұсыныстарына қарап қалмайтындарын, оппозиция партияларының да көркейтуші сын айтуы керектігін білдірді.
Премьер-министр жаңа үкімет сенім даусын алғаннан кейін әлеуметтік желіде де жазды.
Давутоғлу твиттер есебінен «64-ші үкімет ретінде мәжілісте сенім даусын алдық. Ең үлкен алғыс – біздің ең үлкен кепіліміз ұлтымызға» деп жазды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар