Түркия ДАИШ-тен мұнай алған жоқ

Ердоған Путиннің пайымдауына қатал наразылық көрсетті

396138
Түркия ДАИШ-тен мұнай алған жоқ

Президент Режеп Тайып ЕрдоғанРесей Президенті Владимир Путиннің «Түркияның террор ұйымы ДАИШ-тен мұнай алды» деген пайымдауларына қатал наразылық көрсетті.
Режеп Тайып Ердоған Ердоған ДАИШ-тің Түркияға мұнай жеткізгені дәлелденсе қызметтен кетуге сөз берді. Президент Ердоған Путиннің Түркияның ДАИШ-тен мұнай сатып алғаны жөніндегі пайымдауына орай "Бұл пайымдау  дәлелденген жағдайда мен қызметтен кетемін. Бірақ құрметті Путинге сен осы пайымдауың өтірік болатын болса сен қызметтен кетесің бе?» деді.
Париждегі Климаттық саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында Ресей президенті Су-24 жойғышына шабуылдау себебі «Ислам мемлекеті» содырларының Түркияға мұнай тасымалдауын қорғаудың әрекеті болуы мүмкіндігін айтты.
Түркияның мұнай саудасын жасаған елдердің белгілі екенін білдірген Ердоған «Заңды жолдармен қай жерден мұнай алғанымыз, қай жерден табиғи газ алғанымыз белгілі. Террор ұйымдарымен мұнай сауда жасайтындай опасыз емеспіз. Бұны баршаның білгені жөн» деді.
Сонымен қатар ол Түркия қай елдерден мұнай сатып алатыны белгілі екендігін жеткізді.
Ердоған біз мұнайды Ресей, Иран, Әзербайжан, Катар және Нигериядан сатып аламыз. Сондықтан бұл айыптаулар жөнсіз», - деп атап өтті.


Президент Ердоған Сирия шекарасында түрік әуе кеңістігін бұзған ұшақтың құлатылуынан кейін Ресейден келген мәлімдемелерді мына сөздермен түсіндірді. Ердоған "Бірақ сабырлы болайық. Сезімтал әрекет етпейік, барлығын байқайық. Жасырылған нәрсенің барлығын ашыққа шығарайық. Одан кейін біз де осыған қарай әрекет жасаймыз» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар