Орыс ұшқыштың жаназасы Ресейге қайтарылды

Кеше әскери ұшақпен Анкараға әкелінген орыс ұшқыштың жаназасы еліне қайтарылды.

395922
Орыс ұшқыштың жаназасы Ресейге қайтарылды

Шекарада құлатылған орыс ұшағынан парашютпен секірген соң қаза тапқан ұшқыштың жаназасы Ресейге қайтарылды.
Орыс ұшқыштың жаназасы Хатай әуе жайында ұйымдастырылған рәсімнің артынан Түрік қарулы күштеріне тиесілі әскери ұшақпен кеше Анкараға әкелініп, Гүлхане әскери медициналық академиясы «ГАТА» моргына салынған болатын.
Орыс ұшқыштың жаназасы бүгін (30.11.2015) ГАТА-дан алынып, Анкара Эсенбоға әуе жайы арқылы Ресейге жіберілді.
24 қараша күні Хатайдың Йайладағы ауданы маңында түрік әуе кеңістігін бұзған орыс ұшағы қауіпсіздік ережелері аясында құлатылып, парашютпен секірген 2 орыс ұшқыштан біреуі қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар