Түркия-Еуроодақ саммиті Брюссельде өтеді

Ахмет Давутоғлу қатысатын саммиттің негізгі күн тәртібін Еуропаның босқын дағдарысымен күресі құрайды.

394850
Түркия-Еуроодақ саммиті Брюссельде өтеді

Саммитте Еуроодақ елдеріне бағытталған босқын көшуін алдын алуға бағытталған ортақ жобаның іске қосылуы нысанаға алынады.
Саммитте қолға алынатын маңызды тақырыптар арасында тәртіпсіз көшпен күрес, сириялық босқындардың жүгін бөлісу тақырыптары да орын алады.
Еуропаның босқын дағдарысымен күрес тақырыбында Анкараға жәрдемі және ынтымақтастыққа қарсы 3 миллиард евро деңгейінде қаржы қолдауының қамтамасыз етілуі де шешімге келетін тақырыптар арасында.
Сондай-ақ саммитте түрік азаматтары үшін виза жеңілдігінің жасалуы, Түркияның Еуроодаққа мүшелік келіссөздерінің жандануы және Кеден одағының ерекшелігімен сапасының дамытылуы да бағаланады.
Соңғы күндерде артып отырған террор оқиғалары және терроризмнің әр түріне қарсы ортақ ынтымақтастық жүргізілуі де саммиттің күн тәртібінде орын алады.
Саммитте мұның алдында Түркиямен жасалынған және тек қана Еуроодақ мекемелерінің басшылары қатысатын «кіші саммит» форматында өткізілмейді.
Еуроодақ мүшесі елдердің мемлекет пен үкімет басшыларының 28+1 форматында өткізіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар