Президент Ердоған құлатылған орыс ұшағы жайлы мәлімдеді

"Йайладағы аймағында шекарамызды бұзбауы тақырыбында 5 минуттың ішінде 10 рет ескерту жасалды".

422211
Президент Ердоған құлатылған орыс ұшағы жайлы мәлімдеді

Президент Режеп Тайып Ердоған шекарада құлатылған орыс ұшағы жайлы мәлімдеме жасады. Ердоған «Ұзақ уақыт мұндай бір оқиғаны болдырмау» үшін тырысқандарын атап көрсетті.
Ресеймен дағдарысты арттыруға ниетті емес екендерін айтқан президент Ердоған «Кешеге дейін мұндай бір оқиғаның алдында болмауының себебі Түркияның сабырлық сақтауы және жақсы ұстанымы. Түркия дағдарыстың жақтаушысы емес, бейбітшілік, келіссөз және дипломатияның тарапы болды. Ешкім бізден шекара қауіпсіздігіміздің үздіксіз бұзылуына, хақ пен құқымыздың тапталуына үнсіз және қимылсыз отыруымызды күтесін. Бұл оқиғаны күрделендіру ойымыз жоқ. Тек қана өз қауіпсіздігіміз бен бауырластық құқымызды қорғағымыз келеді» деді.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұрақты комитетінің 31-ші кезекті жиналысының ашылу рәсімінде сөз алған президент Ердоған «Кеше азанғы уақытта әуе кеңістігімізді бұзған қай ұлтқа тиесілі екені белгісіз екі ұшаққа Йайладағы аймағында шекарамызды бұзғаны жөнінде 5 минуттың ішінде 10 рет ескерту жасалды. Әскери мекемелердің ескертулерінің артынан аталмыш ұшақтардың біреуі Сирияға қайта оралса, екіншісі әуе кеңістігі бұзушылығын жалғастырды. Аталмыш аймақта күзету қызметін атқарған F-16 соғыс ұшақтарымыз ескертулерге бағынбаған ұшақты атып құлатты. Құлатылған ұшақтың Ресей Федерациясына тиесілі екенін аталмыш елдің мәлімдемесінен үйрендік. Түркия ретінде әрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшесі елдер, әрі НАТО құрамындағы елдермен қажетті ақпаратты жедел түрде бөлістік» деді.
Орыс ұшағы бомба жаудырған түрікмен аймағында ДАИШ террор ұйымының жоқ екенін атап көрсеткен президент Ердоған «Сол жерде ДАИШ-ке қарсы операция жасалғаны алға тартылуда. Алдымен мынаны түсініңіз Байырбуджак түрікмендері өмір сүрген Лазкийе мен солтүстігіндегі аймақта ДАИШ террор ұйымының ізі жоқ. Ешкім жалған ақпарат таратпақшы болмасын. Қазір ДАИШ террор ұйымы күш көрсеткен аймақ Джелабрус аймағының шығысы және оның оңтүстігі. Осындай бір оқиғаны болдырмау үшін қатты талпынып, ескертулерімізді жасап жүрдік. Әртүрлі уақыттарда әртүрлі шаралармен көршілерімізге бұл тақырыптағы нәзіктігімізді қайта қайта жеткізген болатынбыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар