ПКК террор ұйымына қарсы операцияда 32 адам тергеуге алынды

Террор ұйымы ПКК-ға қарсы жүргізілген операциялар барысында 32 адам тергеуге алынды.

368463
ПКК террор ұйымына қарсы операцияда 32 адам тергеуге алынды

Стамбұл Күчүкчекмеджеде жасалған операцияда араларында іздеу салынған 2 террористте бар 12 адам тергеуге алынды.
Аданада болса полиция орталығы алдына тастап кеткен бомбалы көліктің күдіктілерін ұстау үшін ұйымдастырылған операцияда ПКК террор ұйымы мүшесі екені алға тартылған 20 адам тергеуге алынды.
Жарылыс болған Денизли шәйіт Өзер Өзкая Полиция бөлімшесінің айналасындағы 3 көшеде жүргізілген операцияға 1000 полиция қызметкері қатысты.
Орталық Сейхан ауданының Денизли, Исметпаша, Нарлыджа және Митхатпаша көшелерінде 20-дан астам мекен-жайға бірдей уақытта операция жасалды.
Есірткі және жарылғыш табатын иттерде қатысқан операцияда 20 адам тергеуге алынды. Әуеден тікұшақтар қолдау берген операцияда тергеуге алынғандар Адана полиция басқармасына апарылды. Тергеу жұмыстарында көптеген қару-жарақтармен оларға тиесілі оқтарға қоса ұйымның насихаттау құжаттары қолға түсті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар