Түркия түрікмендер мәселесін көтерді

Түрік басшылар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне бір хат жолдады.

421566
Түркия түрікмендер мәселесін көтерді

Түркия Сириядағы түрікмендерге бағытталған шабуылдарды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде күн тәртібіне келтіреді.


Түркия Қауіпсіздік кеңесі басшылығына хат жолдап, Сирияда азаматтарға бағытталған шабуылға бөгет болуы үшін қажетті шараның қабылдануын талап етті.


Хат кеңестің қараша айындағы кезекті төрағасы Ұлыбританияға жіберілді. Хатта Сирияның солтүстік батысында түрікмен ауылдарына әуе және құрлық операциясына байланысты уайым туындағаны атап көрсетілді.


Орыс әуе күштерінің ауыр шабуылдары, әкімшілік жасақтары мен Хизбуллах партизандарының операциялары нәтижесінде көп шығын бар екені баса айтылды.


«Жай азаматтарға бағытталған осы шабуылдарды «терроризммен күресудеміз» деген сылтаумен заңды қылып көрсетуге болмайды. Себебі аймақта ДАИШ, Әл Нусра, Әл Кайдаға қарасты топтар жоқ» деп айтылды.


Ұлыбританияның тұрақты өкілдігі де жауап ретінде хатты қабылдап алғандарын, талапқа байланысты кеңес мүшелерімен байланыста екендерін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар