Орыс ұшағы атып құлатылды

Сыртқы істер министрлігі қатысты елдермен хабарласады.

368224
Орыс ұшағы атып құлатылды

Сирияның Байырбуджак аймағында Түркия шекарасына жақын Su-24 типті ұшақ атып құлатылды.


Ұшақтың түрік әуе кеңістігін бұзғаны атап көрсетілді.


Президенттік аппарат Түркияның әуе кеңістігін бұзғаны және ескертулерге де қарамастан халықаралық қағидаларға бағынбағаны себепті құлатылған ұшақтың орыс ұшағы екенін білдірді.


Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия шекарасында құлатылған ұшақ оқиғасын жақыннан бақылап, Бас штаб төрағасы, армия генералы Хулуси Акардан мәлімет алды.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса Сирия шекарасында болған оқиғаға байланысты Бас штаб төрағасы, армия генералы Хулуси Акар және Сыртқы істер министрі Феридун Синирлиоғлумен телефонда сөйлесті.


Премьер-министрлік баспасөз орталығы Давутоғлуның нұсқауымен НАТО, БҰҰ және қатысты елдермен Сыртқы істер министрлігінің байланысатынын хабарлады.


Бас штабтың хабарламасында да «Таңертең сағат 09,20 шамасында Хатай Йайладаг әуе кеңістігін бұзған бір ұшақ бес минут ішінде 10 мәрте ескерту жасалғанына қарамастан түрік әуе кеңістігіне кірді» деп айтылды.


Хабарламада «Аталмыш ұшақ халықаралық қағидаларға орай 24 қараша күні сағат 09,24-те әуеде барлауда жүрген екі дана Ғ-16 ұшағы тарапынан құлатылды» деп айтылды.
Ұшақ құлаған Йайладагда қираған бөлшектер салдарынан екі адам жараланды.


Сонымен қатар Ресей Қорғаныс министрлігі Сирияда бір ұшақтарының құлағанын, ұшқыштардың тағдырының белгісіз екенін хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар