ТҰҰМ-нің жаңа төрағасы Исмаил Кахраман

Исмаил Кахраман ТҰҰМ төрағасы болып сайланды

420792
ТҰҰМ-нің жаңа төрағасы Исмаил Кахраман

Әділет және даму партиясы Стамбул депутаты Исмаил Кахраман Түркия Ұлты Ұлттық Мәжілісі төрағасы болып сайланды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде кеше депутаттар ант ішкеннен кейін Мәжіліс басшылығын сайлау үшін үдеріс болды. 3-турда 316 дауыс алып Мәжіліс төрағасы болып сайланған Кахраман 1995 және 1999 жылғы депутаттық жалпы сайлауда 20 және 21 кезекті Стамбул депутаты ретінде Мәжілісте орын алды.
1996-1997 жылдары 54-ші «Рефак-Дұгру Йол Үкіметінде» Мәдениет министрі болған Кахраман Әділет және даму партиясы тәртіп кеңесі төрағасы міндетін атқарды.
Кахраман 1 қараша күнгі сайлауда Президент Режеп Тайып Ердоғанның ұсынысы бойынша Стамбул 1-ші аймақ бірінші орыннан депутат болып сайланды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде міндет тапсыру алу рәсімінде Исмаил Кахраман өзіне сенім артқаны үшін алғыс айтты.
Кахраман осы кезеңде міндет атқару барысында ұлттық егемендігіне, тыныштығына, бақытына және мемлекеттің жан-жақты дамуына үлес қосуға тырысатынын білдірді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар