Үлкен 20 тобы саммитінде қырғын бола жаздады.

Деректер тергеу барысында ортаға шықты.

367213
Үлкен 20 тобы саммитінде қырғын бола жаздады.

Үлкен 20 тобы саммитінде қырғын бола жаздады.


Анкара Республика прокуратурасы 15-16 қараша күндері аралығында Анталияда өткен саммитті қанға бояуды жоспарлаған деректерді қолға түсірді.


Анкара вокзалы алдында 10 қазан күні болған террор лаңкестігіне байланысты тергеу аясында күдіктілердің компьютерлерінде табылған деректерде ДАИШ ұйымының 20 тобы саммитінде лаңкестік жасауды, басшылар тұратын қонақүйлер мен туристік базаларға шабуыл ұйымдастыруды жоспарлағандары анықталды.


Осы ақпарға орай Анталия полиция дирекциясы да бірқатар операция жүргізді.


Деректер арқасында террористтердің 1 қараша күнгі сайлауды да болдырмауды мақсат еткендері белгілі болды.


Сонымен қатар Анкара лаңкестігінде ауыр жараланған тағы бір азамат қаза тапты. Қырғында өлгендердің саны 103 болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар