Үлкен 20 елдері саммиті басталады

Түркияны қонақжайлығымен ұйымдастырылған саммитте басшылар оңаша кездесулер өткізеді.

417219
Үлкен 20 елдері саммиті басталады

Әлемнің мықты экономикаларының басшылары Анталияда басқосады.
Саммитте «Ауқымдылық», «Іске асыру» және «Инвестиция» тақырыптарына қоса, Париждегі лаңкестік те күн тәртібіне келеді.
Саммит бағдарламасы аясында B-20 және L-20 форумдары президент Режеп Тайып Ердоғанның ашылу баяндамасымен басталады.
Бүгінгі бағдарлама аясында көптеген күн тәртібі тақырыбымен байланысты отырыстар ұйымдастырылады.
Президент Ердоған АҚШ президенті Барак Обамамен басқосады.
Ердоған кездесулерін Германия канцлері Ангела Меркель және Ресей президенті Владимир Путинмен жалғастырады.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса Меркельге қоса Сауд Арабиясы королі Салман ибн-Абдүлазиз және Еуроодақ кеңесі төрағасы Доналд Тускпен басқосады.
Париждегі лаңкестік шабуыл себепті Франция президенті Франсуа Олланд саммитке қатыспайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар