ПКК-ның шабуылында 2 бала ауыр жарақат алды

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК әйел немесе бала екеніне қарамастан қанды шабуылдарын жалғастыруда.

364879
ПКК-ның шабуылында 2 бала ауыр жарақат алды

Хаккаридің Шемдинли ауданында террор ұйымы мүшелері тарапынан жолға орналастырылған минаның жарылуы нәтижесінде 2 бала жарақат алды.
Ауруханаға апарылған балалардың денсаулық жағдайы нашар.
Хаккари губернаторлығы балалардың қыс дайындығы жасау үшін отын жинауға шыққандары Үзүмкыран ауылында жарақат алғандарын білдірді.
Шырнактың Джизре ауданында бөлшектеуші террор ұйымы мүшелері ұзақ атымды қару мен зымыранмен полиция көлігіне шабуылдады.
Қауіпсіздік күштерінің дәл кезінде қарсылық беруімен қақтығыс шықты.
Шабуылда террористтер атқан зымыран Джизре Мемлекеттік ауруханасының диализ бөліміне құлады.
Шабуылда жарақат алған немесе қаза тапқан болмады.
Шабуыл себепті аурухананың жедел құтқару бөлімшесі уақытша жабылды. Оқиға орнынан қашқан террористтерді ұстау үшін операция басталды.
Террор ұйымының 1984-2015 жылдары арасында жасаған 83 мың 500 шабуылда шығыс және Оңтүстік Анатолы аймақтарынан бастап ел көлемінде 6 мың 741 азамат қаза тапты, 14 мың 257 адам жарақат алды.
Қауіпсіздік күштерінің әрі қалада, әрі ауылдық аймақтарда 31 жылдан бері жалғасқан ұзақ мерзімді күресінде болса 22 мың 374 террор ұйымы мүшесі өлтірілді, мың 480 террорист жаралы қолға түсті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар