"Түркиямен ынтымақтастық маңызды"

Австрия Сыртқы істер министрінен мәлімдеме келді.

363643
"Түркиямен ынтымақтастық маңызды"

Австрия Сыртқы істер министрі Себастьян Курц Түркиямен босқын тақырыбында жақын ынтымақтастықта болу керектігін айтты.


Курц Германияда жарияланатын «Frankfurter Allgemeine» газетіне босқын дағдарысы жөнінде мәлімдеме жасады.


«Түркияның Еуроодақ елдеріне келгісі келетін босқындарды тоқтататын күші бар» деген Курц Түркиямен ынтымақтастықтың маңыздылығын меңзеді.


Курц тақырыптың қаржылай көмектен басқа екенін айтып, Анкараның виза жеңілдігі мен Еуроодаққа мүшелік талаптарын еске салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар