Жаңа атазаң дайындалады

Вице-премьер TRT арнасында сұрақтарға жауап берді.

362883
Жаңа атазаң дайындалады

Вице-премьер Ялчын Акдоған бір партияның 4 партиялы бір мәжілісте жалғыз дара билік болуының оңай еместігін айтты.


Жаңа атазаң дайындаудың басты мәселелері екенін білдірген Акдоған президенттік жүйенің де атазаңның ішіндегі бір бап екенін атап көрсетті.


Ялчын Акдоған TRT арнасында бір бағдарламада сұрақтарға жауап берді.


Акдоған: «Барлығы осы оқиғадан сабақ алады деп сенемін. Біз сабақ алуды жалғастырамыз. Азаматтарды түсінуге тырысудамыз. Азаматтарды түсінуге тырысқандықтан дауыстарымыз арта түседі. Ұлтқа құшақ жаю – үкіметтің міндеті. Ешкімді бөле жармай, баршаға қызмет ету, халықтың психологиясын түсіну – үкіметтің міндеті» деді.


Сайлаушының алдымен сенім және тұрақтылықты таңдағанын айтқан Акдоған былай жалғастырды: «Сайлауға үш апта қалғанда Анкарада жарылған бомба негізінде сайлауға көлеңке түсіруді мақсат етті. Төңкеріс жасау мақсат етілді. Сайлауды кешіктіру, сайлауға кедергі болу мақсат еді. Сондықтан сайлау үдерісінің жақсы өтуі өз басына табыс. Террорге наразылық ретінде өмірдің қалыпқа енуі, саясаттың күшін арттыруы маңызды болатын. Осылайша аяқталды»


Азаматтардың мемлекеттің табанды ұстанымын да байқағанын білдірген Акдоған: «Сайлау қауіпсіздігі тақырыбында да мемлекет әкімшілігі қажетті қадамдарды басты. Сайлаудан бұрын қауіпсіздікке байланысты көп сұрақ қойылды. Енді қолданылған шаралардың орынды екенін көрдік. Бұл да бір жетістік» деді.


Вице-премьер Ялчын Акдоған басқа бір теле арнадағы сөзінде де жаңа атазаң таластарына тоқталды. Қазірге жүйенің Түркияға «тар» екенін тілге тиек еткен Акдоған: «Президенттік жүйе – біздің негізгі перспективамыз. Бұлардан шегіне алмаймыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар