Газиантепте ДАИШ мүшесі 9 террорист ұсталды

Газиантеп қаласында ДАИШ-ке бағытталған операцияда көптеген жарылғыш қолға түсті.

362874
Газиантепте ДАИШ мүшесі 9 террорист ұсталды

Губернаторлық тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда өткен апта полицияға граната лақтырғанда ұсталған 2 ДАИШ террор ұйымы мүшесінің артынан полиция 7 мекен-жайға басқын жасалды.
Көптеген жарылғыш, граната, тапанша және ұйымға тиесілі құжат қолға түсіріліп, 9 адам тұтқындалды.
Күдіктілердің Сириядағы жоғары деңгейдегі ұйым мүшелерінен алған тапсырмалар нәтижесінде Стамбұл мен Анкарада жанкешті мен қарулы шабуыл жасауға дайындалғаны атап көрсетілді.
Террор ұйымы мүшелерінің үйлерінде жасалған тергеуде шамамен 9 кг. TNT жарылғыш, 4 граната, бомба тетіктері мен жанкешті нымшалары, 4 тапанша, 2 мылтық, 135 дана оқ, 3 көлік, 10 мың лира, 9 мың 755 АҚШ доллары, 1 компьютер, 2 қосымша диск, 19 СИМ карточка және 9 дана қалта телефоны қолға түсірілді.
Губернаторлық мәлімдемесінде ұсталған террор ұйымы мүшелерінің Депутаттық сайлау алдында хаос шығару үшін қанды шабуылдар жасауының да алды алынғанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар