Сайлаудың жеңімпазы - ел мен демократия

Давутоғлу Стамбулда азаматтарға үн қатты.

409325
Сайлаудың жеңімпазы - ел мен демократия

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу жексенбі күні болған жалпы халықтық сайлаудан ешкімнің жеңілмегенін, жеңімпаздың ел мен демократия екенін айтты.


Топкапы сарайында болатын 2015 жылғы Мәдениет және өнер сыйлығы марапат кешіне қатысу үшін Стамбулға кеткен Давутоғлу Ататүрік әуежайында өзін күтіп тұрған азаматтарға үн қатты.


Билігі кезінде ешкімнің шеттетілмегенін және шеттетілмейтінін атап көрсеткен Давутоғлу: «Бұл сайлаудың жеңімпазы 78 миллион азаматымыз. Ұлтымыз. Еліміз, демократия және Әділет және даму партиясы мүшелерінің ұлтқа деген махаббаты» деді.


Премьер-министрдің айтуынша, азаматтар елге қызмет үшін жұмыстанғандар мен күнделікті күйбең саясатпен уақыт өткізгендер арасындағы айырмашылықты көрді. Сайлаушылар Әділет және даму партиясына деген сенімді сандықта көрсетті.


Билікке келген күннен бері дауыстарын арттырғанын білдірген Давутоғлу «Әлем демократия тарихында мұндай нәрсе болмаған. 13 жылдық биліктен кейін қайтадан 49,5 пайыз дауыспен ұлт бізге сенетінін көрсетті. Біз үшін екі түрлі азамат бар: бүгін біздің партиямызға дауыс бергендер, ертең беретіндер» деді.


Өздеріне шаршау жараспайтынын атап көрсеткен премьер-министр: «Бізге шаршау жараспайды. Бізге тоқтау жараспайды. Бізге ұлт үшін қызмет етпеу жараспайды» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар