Сайлаудың артынан ТҰҰМ-де жаңа кезең басталады

Нақты сайлау қорытындысы 11-12 күннен кейін жарияланады.

362117
Сайлаудың артынан ТҰҰМ-де жаңа кезең басталады

Нақты қорытындының жариялануынан кейінгі 5-ші күні Мәжіліс жиналады.
Депутаттар ант қабылдайтын алғашқы отырыста жасы ең үлкен мүше ретінде Дениз Байкал уақытша төрағалық міндетін атқарады.
Бұл алғашқы отырыста Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасының сайлануы үшін кезең басталады.
Алғашқы отырыстан кейінгі 5 күнде Мәжіліс төрағасы және басқару алқасы үшін үміткерлер атсалысады.
Кейінгі 5 күндік мерзімде болса дауыс беріледі.
Мәжіліс төрағасы сайланған күні Жалпы Кеңесте елбасылығы мен Министрлер кеңесінің отставкаға кетуінің қабылданғаны және жаңа кабинет құрылғанша бұрынғылардың міндет атқаруы жөніндегі рұқсат оқылады.
Артынан президент Режеп Тайып Ердоған ең көп дауыс жинаған Әділет және даму партиясының төрағасы Ахмет Давутоғлуна үкіметті құру үшін тапсырма береді.
Жаңа үкіметті құратын премьер-министр үкімет бағдарламасын мәжілісте оқиды.
2 күннен кейін болса бағдарлама жайлы отырыс өтеді.
Келіссөздер аяқталған соң сенім дауысы беріледі.
Сенім дауысының артынан 64-ші үкімет ресми түрде жұмыстарын бастайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар