Премьер-министр сайлау науқанын Ванда жалғастырды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Ван митингінде халыққа үн қатты.

395158
Премьер-министр сайлау науқанын Ванда жалғастырды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Ванда қатысқан сайлау науқанында террормен күреске қатысты халыққа үн қатты.
Қаладағы Азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдерімен басқосқан Давутоғлу түрік демократиясының бауырластығын нысанаға алғандарға тағы демократиялық шектеуден айырылмай қарсылық беретінін атап көрсетті.
Шығыс және Оңтүстік Анатолыдағы өркендеу бастамаларының жалғасатынын атап айтқан премьер-министр «Оларға мина төсеу, бізге де сол жолдарға гүл жаю жарасар» деді.
Террормен күрестен бастартпайтындарын атап көрсеткен Давутоғлу «Не шешім үдерісі үзіледі, не болмаса террормен күрес тоқтайды. Бастаған жұмысымызды аяқтаймыз. Бір сәт болса да "түрік" не болмаса "күрд" деп бөлшектейтін болсақ осы мәртебеде отырғанда алған тынысымыз бізге харам болсын» деді.
Премьер-министр «Әрі бұл елді тыныштыққа жеткіземіз, әрі демократиямызды, тәуелсіздігімізді кепілдікке аламыз. Ешкім бұған күдіктенбесін. Жаныңызда, мүлігіңіз де бұл мемлекеттің кепілдігі астында» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар