Президент Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельді қабылдады

Кездесуде мигрант мәселесі, террормен күрес және Еуроодақ мүшелігі тақырыптары қолға алынды.

355654
Президент Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельді қабылдады

Президент Ердоған ресми бір сапар аясында Түркияға келген Германия канцлері Ангела Меркельді Стамбұл Йылдыз Сарайының Мабейн бөлімінде қабылдады.
Ердоған Меркель кездесуінің артынан мәлімдеме жасап, Түркия және Еуроодақ арасындағы тақырыптар жайлы жұмыстарды қолға алғандарын атап «Германияның, Францияның, Ұлыбританияның бұл тақырыптағы қолдауын өзінен әсіресе сұрадым» деді.
Ердоған мен қонақ премьер-министр ортақ баспассөз мәслихаты өткізді.
Президент Ердоған террорға қарсы ортақ күрес жоспарын назарға алудағы нәзіктіктің жалғасқанын атап «Маңызды тақырыптардың бірі босқындардың әрі Түркиядағы жағдайы, әрі батысқа бағыт алулары. Бұл тақырыпта шығындарды бөлісу тақырыптарын талқыладық. Түркияның осы тақырыпта көтерген жүгін өздеріне түсіндірген соң ‘Түркияға жәрдем беруміз керек’ деп қолдады» деді.
Ердоған басқосуда террор ұйымдарына қарсы ортақ қозғалудың қажеттілігіне көңіл бөлгендерін атап көрсетті.
Германия канцлері Меркель болса Түркияның осы күнге дейін 2 миллионнан астам босқынды қабылдап, өте қиын бір міндетті мойындағанын байқағандарын атап «Босқын қозғалысының арта алатынын және Түркия арқылы Еуроодаққа өтетінін байқап отырмыз. Түркияның жүгін бірге көтеру керектігін ойлаймыз» деді.
Меркель Ердоғанмен кейін кездесудің қараша айында Анталиядағы Үлкен 20 елдері саммитінде жүзеге асатынын атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар